Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова: Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек

Опубликовано:

Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнаға жартылай жалаңаштанып шығып, тәнін көрсетуге әлек жұлдыздарды сынға алды. Әнші өнердегі сіңлілеріне бірнеше рет ескерту жасағанымен, өнер иесін тыңдайтын құлақ табылмаған деп жазады ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz: UGC

Өнердегі сіңілдеріне ақылын айтып жүретін Мақпал Жүнісова сахнаға тәнін жалтыратып шығатын аруларға тағы да шамданды.

"Оларға айтқан сайын, олар одан сайын шешініп жатыр. Одан сайын сахнаға жатып алып, аяқтарын көтеріп жүр.
Гәккудің концертінен көрдім. Соның бәрі дұрыс па? Заң шығару керек. Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек, болды", - дейді халық әртісі.

Өнер иесінің сөзін әнші Жігер Ауыпбаев та қолдай кетті.

"Тым өнердің соңынан қуып, шектен шығып кетуге де болмайды. Өз басым ондайға қатты қарсымын", - дейді Жігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819680-makpal-znisova-zbekstandagydaj-sesinetin-kyzdardy-barlygyny-kzin-krtu-kerek/

pixel