Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені ұмытпаймыз": Жанар Хамитоваға арналған бейнебаян жарыққа шықты (видео)

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Рысбек Аташ бірнеше апта бұрын қайтыс болған әріптесі әрі досы Жанар Хамитоваға арнап бейнебаян түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ Youtube
Фото: Видеодан кадрлар/ Youtube: Facebook

Бұл жайында өнер иесі өз Instagram парақшасында жазды. Ол көпшіліктен марқұмға арналған бейнебаянды көріп, желіде #ЖанараБізСеніҰмытпаймыз хештегімен таратуды сұрады.

"Досым сенің құрметіңе әнді, бейнебаянды аяқтадым",-деп жазды ол.

Күні кеше Youtube желісіне де жүктелген клипке көпшілік оң пікірлерін жаудырды. Олар жарқ етіп жанып, о дүниеге аттанған әншіні ешқашан ұмытпайтынын жеткізді.

"Жанаржан, орның жұмақ болсын! Есімізде мəңгіге қаласың! Рысбек жарайсың! Сөзіңде тұрдың! Өте керемет, көзімнен жасым мөлтілдеп отырып қарап шықтым", "Біз сені ұмытпаймыз, Жанар", "Жанарды ұмыту мүмкін емес", "Жарайсың, Рысбек" деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы ақпарат 16 қыркүйек күні тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820539-seni-mytpajmyz-markm-zanar-hamitovaga-arnalgan-bejnebaan-zarykka-sykty-video/

pixel