"Жасқа қарау керек": Нұрғали Нүсіпжанов тағы да қызу талқыға түсті
Опубликовано:
Отандық танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші аруға үйленіп, елді шулатты. 82 жасында отау құрған әртіске қатысты қызу талқы әлі күнге дейін басылар емес. Бұл жолы бірқатар өнер жұлдыздары қазақ эстрада дүлділінің батыл қадамы жайлы пікірлерін білдірді деп жазады Youtube желісіндегі "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов үшін "махаббат жасқа қарау керек" болып шықты.
"Махаббат негізі жасқа қарайды. Менің жеке пікірім, меніңше махаббат жасқа қарау керек" , - деді ол.
Ал өзінен 12 жас кіші аруды жар еткен Айқын Төлепберген әріптесінің пікіріне түбегейлі қарсы екенін жеткізді.
"Ол екі адамның сезімі ғой. Адамдар танысқанда жасына қарамайды ғой. Қырық немесе елу жас енді қиындау шығар. 10-15 жас болса оған қарамайды. Қарамайды дедім болды" , - деді әнші.
Нүсіпжановтың жарымен жасы шамалас Мақпал Исабекова да Айқынның пікірімен келісетінін айтты.
"Махабат үшін жас маңызды емес. Сенің сүйіктің қанша жаста, қай жылы туған, сенен кіші не үлкен болып туды ма ол сенің еншіңде емес. Алла тағала солай жаратты, солай қосты. Мен үшін махаббат деген сондай болу керек" , - деді Исабекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821818-zaska-karau-kerek-nrgali-nsipzanov-tagy-da-kyzu-talkyga-tsti/