Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бекем болыңдар": Отандық жұлдыздар ағайынды Беделхандарға көңіл айтуда

Опубликовано:

Өткен сенбіде жол апаты салдарынан ата-анасы қаза тапқан Ерболат пен Есболат Беделханға өнердегі әріптестері қайғыра көңіл айтуда. Айқын Төлепберген, Алуа Қонарова мен Айгүл Мүкей сынды отандық жұлдыздар алғашқылардың бірі болып, қос продюсердің қайғысына ортақтасты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/Facebook. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/Facebook. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Айқын Төлепберген аса ауыр жағдайды басынан өткеріп жатқан өнер иелеріне қөңіл айтып, желіде жазба жариялады.

"Бауырларым! Қайғыларыңа ортақпын. Жол апатынан әке-шешеден айрылған өте қиын. Жанболат, Ерболат мен Есболат арты жақсы болсын" , - деп жазды әнші.

Отандық продюсер Алуа Қонарова да қайғылы оқиғадан шет қалмай, өз көңілін білдірді. Ол қаза тапқан ерлі-зайыптылармен жеке таныс болғаны мен олардың үйіне қонаққа жиі барып тұрғанын айтты.

"Жігіттер бекем болыңдар. Ата-аналарын жақсы білетінмін. Бірнеше мәрте үйлеріне қонақ болып барғанмын. Тамаша әрі аса дарынды шығармашылық адамдары еді. Ажал. Ата-анадан бір күнде айырылу өте қорқынышты. Ешкімнің басына бермесін.
Алайда, әрқайсымызға құдайдың өз жоспары бар. иманды болсын. Руль тізгінінде абай болыңыздар. Соңғы кездері жол апаттары мен оның құрбандары көбейіп кетті " , - деп жазды ол.

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Instagram парақшасы арқылы ағайынды Беделхандарға көңіл айтты.

"Ерболат, Есболат және Жанболат Беделхандардың ата-анасының қазасы жайлы қаралы хабарды естідім. Олар жол апатынан көз жұмған. Жігіттерге қайғыра көңіл айтамын. Иманды болсын ата-аналарың. Топырағы торқа болсын, бүкіл туыс-жандарға мен қайғырып көңіл айтамын.
Мен жігіттердің ата-аналарын жеке танымайды екенмін. Алайда, оларға осындай өнерлі ұлдарды тәрбиелеп шыққандары үшін алғыс айтамын. Олар қазақ эстрадасында жарқын кометадай пайда болып, өнерді өзгертіп жіберді" , - деп жазды Мүкей.

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Полиция қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Әзілкеш Қайрат Әділгерей де ата-анасынан айырылған бауырларға көңіл айтты.

"Орда тобының әншілері Ерболат, Есболат, Жанболат ата-аналарыңыздың арты қайырлы болсын. Иманды болсын. Жандары Жанатта болсын! Қайғыларыңызға ортақпыз Алла тағала сабыр берсін" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821957-bekem-bolydar-otandyk-zldyzdar-agajyndy-bedelhandarga-kil-ajtuda/

pixel