"Зәулім сарай": Әнші Шахизада үш қабатты жаңа үйін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жаңа үйге көшті. Баспаналы болған өнер иесін алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында Шахизаданың үйіне шашу шашып келген сәтін жариялап, оқырмандарына зәулім сарайдай үйді көрсетті.

Бейнежазбадан әншінің үйіндегі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын көруге болады.

Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы үш қабатты үй салғызған. Оған қоса, жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген.

"Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін" , - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Желідегілер де Айдарбековамен қосылып, әншіні баспаналы болуымен құттықтап жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822785-zulim-saraj-nsi-sahizada-zaa-jin-krsetti-foto-video/

jitsu gif