Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің інісі сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің отбасы жақында келін түсірмек. Өнер иесінің інісі Төремұрат Төремарат сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызының бауыры ғашығына өзінің шынайы сезімін ашық аспан астында білдіруді жөн көрген.

Төремұрат көпқабатты ғимарат шатырын раушан гүлдері мен ақ түсті шарлармен безендіріп, жүрегін жаулаған аруға естен кетпес тосынсый жасады.

Төреғали інісінің таңдауы Аружан Сағынтаева есімді аруға түскен.

Ол сүйіктісін өмірлік жар етуге ұсыныс жасаған сәтінің суреттері мен видеосын өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Төремұраттың айтуынша, бұл маңызды шараны ұйымдастыруда оған Дина қарындасы үлкен көмек көрсеткен.

"Бұл күнге де жеттік, ойда жүрген іс еді, осы күнге жеткенім үшін Аллаға шүкір етемін. Мені қолдап, көмектескен барша жақындарыма, туыстарыма, достарыма алғысым шексіз. Дина қарындасыма үлкен рахмет айтамын. Бүкіл жұмыстарымды бітіріп, көмектесіп, қолдап қасымда болғаны үшін. Осы бір ұмытылмас кештің басты спонсоры сол қыз" , - деп жазған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823209-tregali-trelini-inisi-sjiktisine-synys-zasady-foto-video/

pixel