Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин алғаш рет әйелімен түскен суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин әйелін туған күнімен құттықтап, алғаш рет онымен түскен суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жарының фотосын Instagram парақшасына салған.

Абдуллин әйелімен бірге түскен суретін оның туған күнінде жариялауды жөн көріп, оған жыр шумақтарын арнаған.

"Бақытты адам болсаң, Дүние көркем екен. Туған күніңмен Қымбаттым!
Анамдай адал болсаң, Әкеңдей еркелетем. Туған күніңмен" , - деп жазды әнші.

Желідегілер де өнер иесінің жұбайын туған күнімен құттықтап, оған өздерін ақ тілектерін жаудырған.

"Келіншегіңіз әдемі екен. Туған күні құтты болсын" , "Туған күні кұтты болсын. Көбейіңдер, көркейіңдер ең бастысы дені сау аман-есен жүре берсін" , "Әйеліңіз сондай сұлу екен" , "Көркіне көз тоймайды, көз тимесін" , "Өте әдемі жарыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823221-nrbolat-abdullin-algas-ret-jelimen-tsken-suretin-zarialady-foto/

pixel