Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші ұлының бесік тойын дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

31 арнадағы "Информбюро" жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы Ахмет Сұлтан есімді ұлының бесік тойын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мерекелік кеш Алматы қаласындағы таңдаулы мейрамхананың бірінде өтті.

Тележүргізушінің қуанышына екі жүзге жуық қонақ келген.

Көңілді отырыста отандық әншілер Нұрлан Еспанов, Серікбол Сайлаубек, Нұрболат Абдуллин, Мұхтар Ханзада, "Алатау серілері" тобы өнер көрсетті.

Сондай-ақ, шақырылғандардың арасында "Әзіл әлемі" театрының актері Ерболат Төлегенов, тележүргізуші Аман Тасыған, айтыскер ақындар Рүстем Қайыртайұлы мен Асхат Қылышбек, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман және Нұржан Аташ болды.

Ерқанаттың әріптестері 31 арна ұжымы да торқалы тойда төбе көрсетті.

Еске сала кетсек, журналистің әулетінде шекесі торсықтай ұл келгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823691-tanymal-telezrgizusi-lyny-besik-tojyn-drkiretip-atap-tti-foto/

pixel