Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың алмұрт жеген суреті 230 миллион қаралым жинады (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің алмұрт жеп тұрған суреті қытайлық Weibo желісінде 230 миллионнан астам қаралым жинады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Фотоаппарт объективіне қарамастан, әуежайда алмұрт жегендегі сезім. Мұны Weibo-да (Instagram-ның қытайлық нұсқасы) 230 миллион адам көрген. Мен қандай алмұрт жедім", - деп скриншотқа жазба қалдырды әнші.

Ал, Димаштың тыңдармандары болса сүйікті өнер иесін жылы пікірлерімен көмкеріп жатты. "Енді барлық алмұртты табынушылары тауысады", "Далада қыс болып жатыр, алмұрт жегеніңіз дұрыс, дәрумен ғой", "Тамағы ауырмады деп алаңдап отырған болар", "Бұл сиқырлы алмұрт болды", "Тәбет ашатындай жедің", - десті олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823705-dimasty-almrt-zegen-sureti-230-million-karalym-zinady-foto/

pixel