Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Әбділманов: Бейшеналиевтен он есе артық ойнайтын өз актерларымыз бар

Опубликовано:

Белгілі актер Болат Әбділманов отандық кинодағы басты рөлге өзге мемлекет әртістерін түсіретін еліміздің режиссерларын сынға алды. Өнер иесі олардың бойында таланты тасып жатқан қазақстандық актерлерден гөрі, жұртқа танымал әртістерді таңдайтынына назданған деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/brod.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/brod.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әбділманов сұхбат барысында кинорежиссерлардың бүгінде актерларды іздестірмейтіндерін алға тартып, дайын жұлдызға басты рөлді оңайшылықпен бере салатынын сөз етті.

"Біздің кинорежиссерларымыз көп жағдайда іздемейді. Алматы мен Нұр-Сұлтанның күнде көріп қалған актерларын түсіре береді. Облыстарды іздейтін болса, қаншама таланттың бағы жанар еді. Мұстафа Шоқайдың орнына қырғыздарды ойнатқанша, өзбектерді ойнатқанша өзіміздің облыстық театрларымызда қаншама дарынды актерлар бар.

Сол себепті, біздің режиссерлар облыстардан "жаңа бейне" іздеу керек. Олар таза өнерге берілген, өнерге қызмет ететін әртістер. Әлі жұлдыз ауруымен ауырып көрмеген. Әрине, мен оларға жиі айтып тұрамын. "Қазақтың ұлы тұлғаларына қырғызды түсіресіңдер. Мысалы, Мұстафа Шоқайды қырғызды алып келіп, ойнаттыңдар" деймін.

Облыстарда содан он есе артық актерлар бар. Олар "түрін ешкім білмейтін актер керек болған" деп ақталуға тырысты. Алайда, ол Мәскеуде ойнайтын мен танитын актер. Осы өзімізден іздесе, Бейшеналиевтен он есе артық ойнайтын өз актерларымыз бар" , - дейді Әбділманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824368-bolat-bdilmanov-bejsenalievten-on-ese-artyk-ojnajtyn-z-akterlarymyz-bar/

pixel