Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқыныш болды": Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың тойын қалай жүргізгенін есіне алды

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың тойын бірнеше мәрте басқарып үлгергенін айтып берді. Бүгінде сұранысқа ие асабаға айналған ол Елбасы інісінің мерекелік шараларын жүргізуден алған әсерімен бөлісіп, сол кезде орын алған қызықты жайттарды баяндады деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың бірінші тойын жүргізер алдында аса қатты қобалжығанын жасырмады.

"Ең бірінші жүргізген кезде Қанат екеуміз қатты қорыққанбыз. Бөкең жеңгемізбен қосылғанына 40 жыл толуына орай, Шамалғанда той берді. Қатты қорқыныш болды. Сөйтсек, мұндай ахуалды ол кісінің айналасындағы адамдар құрады екен. "Артық айтпа, ол мұндайды жақтыртпайды" деп. Негізі ол кісі ондай емес. Мен тікелей отырып сөйлескен кезім болды.

Тіпті, осы екі ай бұрын бір қызықты жағдай орын алды. Өзінің өнердегі інішегі баласын үйлендірген кезде тойханаға бесте келіп алған. Сағат 17:30-да той иесі хабарласып, той бастау керектігін айтады. Мен "Алтыда кіммен бастайсың? Халық жиналу керек" дедім. Оны сабырға шақырып, бәрін түсіндіріп бердім. Бөкең өзі сондай, бесте келіп алады да, асықпай басталғанша күтеді.

Оның қасындағы көмекшілері де: "Ол кісі үнемі шақырған уақытта барады, күтеді, той шымылдығын өз тілегімен ашады да кетеді" деді. Ол кісі ол жерде шу шығарған жоқ. Той басталмай жатыр деп ашу-наразылығын білдірген жоқ. Жай отыр. Оның үстіне, естуімше сұраған адамдарға ол әрқашан көмектесуге әзір", - дейді Қайрат Әділгерей.

Сонымен қатар әзілкеш сұхбат барысында салтанатты шараны тұңғыш президент інісі ұйымдастырып жатқанын тойға санаулы сағаттар қалғанда бір-ақ білген кезінде еске алды.

"Мен тапсырыс қабылдап алғаннан соң, той иесі Болат мырза екенін той басталар алдында, қонақтар жиналып жатқан кезде ғана білдім. Бөкеңнің көңілінен шықтық. Содан кейін, басқа ұйымдастырушылар Бөкең отыратын жерге мені шақыратын болып жүр" , - деп ағынан жарылды Әділгерей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824400-korkynys-boldy-kajrat-dilgerej-algas-ret-bolat-nazarbaevty-tojyn-kalaj-zrgizgenin-eske-aldy/

pixel