Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данагүл Темірсұлтанова бақытты отбасылық суреттермен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова желіде ерекше жанұялық суретін жариялады. Өнер иесі құдағиы, қызы Айым Сейтметова мен күйеубаласы Талғатпен бірге қонақта отырған сәтімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Темірсұлтанова бақытты отбасылық фотосын Instagram парақшасына жүктеген.

Онда актрисаның жолдасы Азат Сейтметов, қызы Айым мен күйеу баласы Талғат, өз анасы мен жаңа құдағиы бар.

Жақында ғана қызын тұрмысқа беріп, құдағилы болған өнер иесі қазіргі таңда бақытты жандардың бірі екенін жасырмады.

Оған отандық жұлдыздың суреттер топтамасының астында қалдырған жазбасы дәлел болмақ.

"Алла, анамызды қалай қатты жақсы көремін. Үнемі трендтен қалыспайды. Сыйлы, көрікті, сүйікті. Менің жақсы келін болып жүргенім анамның арқасы деп ойлаймын. Анашым, жүз жасаңыз. Егер біз осы үрдісті ұстасақ Сейтметовтер мен Итаевтер алысқа шабары анық. Аллаға шүкір. Құдағимыз бен балаларымыздың қызығын көріп жүре берейік" , - деп зады актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824485-danagl-temirsltanova-bakytty-otbasylyk-surettermen-blisti-foto/

pixel