Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық әртісінің ұлы болу, Алматыдағы жеке концерт және той бизнес жайлы: Әли Оқаповпен ашық сұхбат

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов алдағы уақытта туған қаласы Алматыда тұңғыш рет жеке ән кешін өткізгелі жатыр. Концерт тоғызыншы қараша күні Республика сарайында өтетін болады. Өнер иесі KAZ.NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында бұл жолы тыңдармандарын немен таңғалдыратынын айтып, өзіне қатысты бірқатар қызықты мәліметтермен бөлісті.

Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жеке ән кешін алғаш рет өткен жылы ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізген Оқапов енді алматылықтарды қуантпақ. Туған қаласында тұңғыш рет жеке концертін беруді көздеп отырған әнші шара алдында аса қатты толқып жүргенін жасырмады.

"Бұл концерттің өзі мен үшін үлкен жаңалық. Себебі, мен бұдан бұрын Алматыда жеке ән кешімді өткізіп көрген жоқпын. Осыдан 11 ай бұрын, желтоқсанда елордада ең алғашқы жеке концертімді бердім. Енді өзімнің туған қалам, Алматыда жаңа бағдарлама дайындап, тағы бір арманымды орындамақшымын.
Көрермендерді таңғалдыру, олардың көңілінен шығып, жақсы әсер қалдыру - біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Көптеген тосын сыйлар бар. Бұл жай ғана концерт емес, үлкен шоу десе болады. Техникалық жабдықтау бойынша бұған дейін болмаған көптеген нәрселерді қолданамыз. Өте үлкен сахна, ең соңғы техникалық жабдықтаумен кереметтей нәрселерді өңдеп, енгізіп музыкамен көрсетпекшіміз.
Бұл кештің бағдарламасын құрастырған кезде мен тек өз тыңдармандарыма ғана емес, ортақ музыка сүйер қауымға ыңғайластырып таңдадық. Әрбір әнді, әрбір қадамды, әрбір қойылымды талқылап шештік. Тосын сый ретіндегі жұлдызды дуэттер болады. Олардың тек екеуін атай аламын. Роза Рымбаева мен Мәди Рымбаев. Бұл адамдарсыз менің жеке кешімнің өтуі мүмкін емес" , - дейді Әли Оқапов.
Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Өнер иесі жеке ән кешінен кейін ішіне жеті-сегіз әні кіретін жарты альбом шығаруға ниетті. Ал келер жылы тыңдармандарын орыс тілді жинағымен таңғалдырмақшы.

Сонымен қатар, Әли Оқапов бүгінгі өнер саласына да тоқталды.

Оның сөзінше, соңғы кезде қосылып жатқан түрлі жанрдағы жаңа әншілер отандық эстрадаға жаңа толқын әкелуде.

Одан бөлек, Роза Рымбаеваның тұңғышы табысының 50 пайызы өзіне той-бизнестен келіп түстінін де жасырмады.

"Мен тойға да, Open air, мәдениет үйлеріндегі болып жатқан концерттерге де шығамын. Үкіметтік концерттерге де қатысамын. Мен негізі кез келген сахнада әнімді шырқауға дайынмын. Мен өзім сахнаны бөлмейтін адаммын. Мен үшін елу адам болсын, мың адам болсын оларға дұрыс көңіл күй сыйлау, жақсы әсер қалдыру. Менің шығармашылығымның елу пайызын той алатын шығар. Оны жасыратын еш нәрсесі жоқ. Ол да біз үшін табыс көзі" , - деп ағынан жарылды әнші.
Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Әли Оқапов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сұхбат барысында Әли Оқапов өнердегі ірі тұлға Роза Рымбаеваның ұлы болу қаншалықты қиын екенін де айтты.

"Оңай емес. Өйткені, бізге жай адам ретінде емес, халық әртісінің ұлы ретінде қарайды және сынайды және бізге қойылған талап әлдеқайда биік. Мен қарапайым отбасыдан шығып әншілікпен айналыссам, жай ғана Әли болушы едім. Ол кезде ешбір артық салыстыру болмас еді. Әрине, бұл жайт бізге үлкен жауапкершілік береді. Оның дұрыс әсері де бар. Тәрбие жағынан мысалы, "Розаның баласы олай жасамау керек" деген сияқты.
Сол нәрсені дұрыс қабылдап, қолдансаң жақсы. Ал кері әсері саған сенбеушілік болады. "Анасының арқасы, сол кісінің арқасында жетістікке жетеді" дегендей. Сондықтан, ол біздің тағдырымыз. Мәди екеуіміз басқа өмірді білген жоқпыз. Жалпы әйгілі әртістің баласы болу біріншіден қызық әрі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бәлкім, анамыз бен әкеміздің жолын қуып, ізін басып, олардың жетістіктерінің арқасында сахнаға шыққанымыз - ақиқат" , - деді Оқапов.

Әли сондай-ақ, жеке өміріне қатысты да тың мәліметпен бөлісті. Айтуынша, ол алдағы бір-екі жылдың көлемінде отбасын құрмақ.

"Жеке өмірім жиі талқыланады. Өйткені, жасым болса 28-де. Қазір бәрі үйлену мәселесін көтеріп жатады. "Той қашан" деп сұрауда. Той нақты айта алмаймын. Өйткені, әзірше нақты жоспар жоқ.
Менің ойымша, ары кетсе бір-екі жылдың арасында шешілетін сұрақ. Өзім де сол сауалдарға ресми түрде жауап бергім келеді. Әзірше жауаптың өзі жоқ, сол себепті көптеген нүкте" ,- дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824742-halyk-rtisini-ly-bolu-almatydagy-zeke-koncert-zne-toj-biznes-zajly-li-okapovpen-asyk-shbat/

pixel