Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінбеймін": Арыстанбек Мұхамедиұлы Жаманқұловқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловпен "Феникс" фильмі аясында туындаған дауға қатысты пікір білдірді деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі актермен туындаған мәселеде маңызды қадамды қазақстандық кино саласының болашағы үшін жасағанын айтты.

"Тұңғышбай ағамыз жайлы көп айтып жатырмыз ғой. Тағы да айтайын. Шындығына келгенде, ол кісіні өнер тұлғасы ретінде бәріміз сыйлаймыз. Ойнаған образдары бар, ұстаздық еткен шәкірттері бар. Ал аталмыш мәселеде мен бұл қадамға әдейі тігінен бардым. Мысалы, көбісі маған "онымен не керек шатақтасып, оданда сұрағанын бере салсаңшы" деді.
Сол кезде егер біз кино саласын дұрыстап қоямыз десек, маған бір үлкен қадамға бару керек болды. Бәріне үлгеретіндей. "Жігіттер болды осымен тоқтатайық" деуім керек болды. Таза кино түсіруіміз керек, немесе бұрынғыдай киноға ақшаны беріп, рахметін алып, нәтижесінде ешқандай кино да жоқ. Осы 25 жыл ішінде қандай кино бар "Мың баладан" басқа? Жыл сайын керемет ақшалар бөлініп жатыр. Қайда ол кинолар" , - дейді бұрынғы министр.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлы өзіне жала жапқандарды сотқа бергенін жеткізіп, уақыты келгенде шындықтың беті ашылатынын да атап өтті.

"Өз ұстанымың болу керек. Мен өкінбеймін. Уақыты келгенде барлық жала жапқандардың барлығы ашылады. Ана қыз да шығады. Ұяты болып, "мен өмірімде өкінішке орай осындай қадам жасадым" деп айтады.
Жаңа Талғат деген жігіт шықты. Ол да бопсалап, бәрі мені жолдан алып тастау керек болды. Олардың артында бұрынғы президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары өзі тыңшы болып ұсталып жатыр. Міндетті түрде жоғары жақтан қарап тұратын бар. Жазасын міндетті түрде береді" , - дейді Ұлттық мұражай басшысы.

Сұхбатының соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы ешкімді ата жауы санамайтынын, қызметте өзінің адамдық көзқарасы, ұстанымы бар екенін сондықтан осындай қадамдарға барғанын (ред ескертпе. сотқа беру) жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825148-kinbejmin-arystanbek-mhamedily-zamanklovka-katysty-pikir-bildirdi/

pixel