Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кинодағыдай": Алматының қымбат ауданында итпен серуендеген Нұрболат Абдуллин жұртты қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрасының белгілі әншісі Нұрболат Абдуллиннің Алматы қаласында итпен серуендеп жүрген сәті әлеуметтік желіде пайда болып, желі оқырмандарының қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Instagram/nurbullin
Видеодан кадр/Instagram/nurbullin: Instagram

Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кадрдан әншінің оңтүстік астананың қымбат ауданында жүргенін, сондай-ақ, итін "төбесі ашық" көлігіне отырғызғанын байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандарының пікірі екігі бөлінді.

Бірі Нұрболаттың бұл әрекетін мақтану деп түсінсе енді бірі әрекеті өзіне жарасып тұрғанын жеткізді

"Мақтаншағым-ай", "Қарапайым бол, бауырым", "Жұлдыз болып кетіпсің, сенен бұндай күтпедім", "Жарайсың бауырым", "Ақсүйек сияқтысың", "Асыл қазынаның бірі-ит. Ит-адамға шын адал жолдас. Сері жігіттің досы-ит қой. Соншама неге сөз қыласыңдар", "Жарайсың, талабыңа нұр жаусын", "Өзің жігіттің төресісің, итің де әдемі екен", "Кинодағыдай", деп жазды әншінің тыңдармандары.

Ал арасында Нұрболаттың бейнебаян түсіріп жатуы мүмкін екенін жазғандар да табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825203-kinodagydaj-almatyny-kymbat-audanynda-itpen-seruendegen-nrbolat-abdullin-zrtty-kyzyktyryp-kojdy-video/

pixel