Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ет асу, шапан жабу": Дана Есеева қонақты қалай күтетінін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық актер әрі инста-жұлдызы Мейіржан Төребековтың жары Дана Есеева желідегі парақшасына үйіндегі қонақтарды қалай күтетінін айтып, көпті қызықтырып қойды. Күйеуімен бірге түрлі әзіл-видеолар түсіретін келіншек өзінің оқырмандарынан да үйлеріне келген қонақты қалай күтетінін сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Дана Есееваның сөзінше, қазақи отбасылар үйге қонақ келгенде "сәлем беріп, ет асып, шапан жабады" екен. Ол бұл ойын өзінің Instagram парақшасында жеткізген.

"Қазақтың үйі қонаққа қашан да ашық. Қонақжайлылықты көрсететін көптеген дәстүріміз де бар. Мен бастап, сіздер жалғастырыңыздар...

1) Сәлем беру 2) Үй иелері қонақтың сырт киімін шешіп, төрге отырғызады

3) Ет асып, қонақтарға дәмі тіл үйірер бешбармақ береді 4) Асату, әдетте үлкендер табақтан етті алып, балалар мен келіндерге береді, менің жағдайымда ол маған бұйырады

5) Шапан жабу, сыйлы қонақ үй иесінен шапан алады... Енді тізімді сіздер жалғастырыңыздар", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары көпбалалы ананың қазақылығына тәнті болған. Олар аталмыш дәстүрге қатысты ойларын ортаға салып, жазба соңына түрлі пікір қалдырған.

"Жақсы келін екенсіз, жарайсыз", "Сарқыт алу дәстүрін қосып қойыңыз", "Қазақ қонақсыз қазақ емес" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825774-et-asu-sapan-zabu-belgili-blogerdi-jeli-konaktardy-kalaj-ktetinin-krsetti-foto-video/

pixel