Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаевтың туған күнінде жұбайы тосын сый жасап, таңғалдырды (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жұлдызы Мейрамбек Бесбаев 43 жасқа толуын қазақстандық шоу-бизнес өкілдерімен атап өтті. "МузАрт" әншісі туған күнін Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер саласының дүлділі туған күнінде барша танымал әртістердің басын қосқан. 43 жасын тойлаған Бесбаев жұлдызды қонақтары үшін көңілді кеш ұйымдастырған.

Мерекелік шараға Жанболат пен Жазира, Әбдіжаппар Әлқожа, Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаев, Арман Дүйсенов, Асхат Тарғын, Ернар Айдар, Иманғали Әсет сынды өнер иелері келген.

Кеш қонақтары туған күн иесіне ақ тілектерін жаудырып, бағалы сыйлықтарын тарту еткен.

Ал әншінің жары болса, жұбайын тосын сыймен таңғалдырған. Мархабат Бесбаева жарына сүйікті футбол командасы "Реал Мадридтің" "Барселонамен" болатын ойнына жолдама сыйлаған.

Бесбаевтың туған күніндегі суреттер мен видеолар Instagram желісінде тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826596-mejrambek-besbaevty-tugan-kninde-zbajy-tosyn-syj-zasap-tagaldyrdy-foto-video/

pixel