Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымның" танымал қатысушысы әке атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Қалың көпшілікке "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Мәди Рахымбай әке атанды. Өмірлік жарын жобадан шығып кетіп, бір-ақ кезіктірген жігіт ұлды болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен Мәди Рахымбай өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Қалаулымдық жігіт ат ұстары дүниеге келгенін бірден өз оқырмандарына хаьарлауды жөн көрген. Ол әйелі мен тұңғышын перзентханадан алып кеткен сәтінің суреттері мен видеоларын желіде жариялады.

Жас жұбайлар ұлына Хан деген есім берген.

Айта кетейік, Мәди Рахымбай атышулы "Қалаулым" бағдарламасының бірінші мауысымының қатысушысы болған. Жоба аясында ол бірнеше мәрте сәтсіз қарым-қатынасқа ұшырап, ақыр-соңы бағдарламадан шығып кетті.

Нәтижесінде жас жігіт өмірлік махаббатын түсірілім алаңынан тыс жерде табады. Оның таңдауы Әйгерім есімді аруға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826631-kalaulymny-tanymal-katysusysy-ke-atandy-foto-video/

pixel