Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашы ұзын жігітпен мың бұрыла билеген Жанар Дұғалова талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жанар Дұғалова желіге бейтнаыс жігіттің құшағына құлап билеген видеосын жариялап, елдің талқысына қалды. Көпшілік өнер иесінің қасындағы ұзын шашты азаматты сынап, оны қыз балаға деп ойлап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова белгісіз жігітпен мың бұрыла билеген видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Әншінің жанкүйерлері оның биінен гөрі, қасындағы серігін сөз еткен.

Желідегілер шоу-бизнес сылқымының қасындағы ер адамды жас бойжеткенге қатты ұқсатқан. Оған азаматтың ұшын шашы себеп болса керек.

"Екеуі де қыз ғой" , "Қайсы қыз, қайсы ұл?", "Жанындағысын қыз деп отырмын ғоц. Осылай шаш өсіріп алатын ер адамдарды түсінбеймін" , "Қайсысы Дұғалова?" , "Құрбысы екен десем, жігіт екен ғой" , "Қыз ба? Еркенк па? Шатастық қой" , "Қыз екен деп қалдым" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Жанар Дұғалова көп уақыттан бері сахнада ән салмай, ел алдында көрінбей жүр. Әншінің жанкүйерлері оның жұрт назарынан тыс қалуының себебін түсіне алмай әлек

Өнер иесі отандық шоу-бизнес саласында атышулы "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылды. Баян Алагөзованың қоластында біраз уақыт жұмыс істеген ол, жұлдызын жаққан ұжымнан ақыр-соңы кетіп, өзін жеке әнші ретінде таныта бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826782-sasy-zyn-zigitpen-my-bryla-bilegen-zanar-dgalova-talkyga-tsti-video/

pixel