Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламызға да ойнаттық": Досхан Жолжақсынов құмар ойындар жайлы айтты

Опубликовано:

Құмар ойындар еліміздің халық әртісі Досхан Жолжақсынов да айналып өтпеген. Белгілі актер құмар ойындарды өзі ғана ойнамай баласына да ойнатқанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Досхан Жолжақсыновтың құмар ойындарды өзі ғана ойнап қоймай, баласына да ойнауға рұқсат беруінің өзіндік себебі бар болып шықты.

"Ақша салып та ойналды, былай-ақ ойналды. Бірақ, оған басымыз кеткен жоқ. Басымызды жоғалтқанымыз жоқ. Ал, мына автомат келгеннен кейін, техникалық жаңалықтар. Оны да ойнадық. Баламызға да ойнаттық.
Неге ойнаттым мен мысалы балама? Біріншіден, намысын оятатын дүниелер болады. Екіншіден, жаман мен жақсыны айырып алатындай, содан кейін қалтасына салған пұлдың қадір-қасиетін білу үшін" , - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов та құмар ойындарға деген тәуелділігі жайлы айтқан болатын. Әнші казиноның қызығына кіріп, тығырыққа тірелген.

Алайда, бүгінде өнер иесі бұл әдетінен арылып, құмар ойындардың жетегінде кеткен өзге жандарға көмектесіп жүр. Ол өз басынан өткен ауыр кезең жайлы арнайы кітап шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827021-balamyzga-ojnattyk-doshan-zolzaksynov-kmar-ojyndarga-kyzykkanyn-mojyndady/

pixel