Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанова тойда асабамен бидің түбін түсірді (видео)

Опубликовано:

Әнші Жанар Айжанова тойда асабамен жарыса билеген видеосын жариялап, көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары өнер иесінің биін қызу талқылап, жарыса пікір қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова тойда биді жандырып жатқан сәтінен видеоны өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Желідегілерге әнші мен асабаның биі ұнап қалса керек, олар жарыса пікірлерін жаудырды.

"Жарайсыз Жанар" , "Бидің шаңын шығарып жатырсыз ғой" , "Керемет билейсіз, қимылдарыңыз өзіңізге жарасымды" , "Жайдарлы жансыз ғой, асаба шаршап қалды-ау" , "Бұл би жарыстың жеңімпазы сіз" ,
"Аяғыңызда каблук болса да биіңіз керемет" , "Жап-жас асаба бірден шаршап қалды", "Сіз мақтаншақ емессіз. Тәнтімін. Қарапайымсыз" , "Үнемі көңілді жүресіз. Биік өкшемен де биді күшті билейді екенсіз" , "Сөз жоқ, биіңіз тамаша" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерейдің де мың бұралып билеген видеосы тараған болатын. Танымал әзілкеш "Екі жұлдыз" жобасының әділ қазыларының бірі Толқын Забироваға пародия жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827181-zanar-ajzanova-tojda-asabamen-bidi-tbin-tsirdi-video/

pixel