Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Торғайлық ақын" Саят Әбеновтің сырқат баласы мен әйелін тастап кеткені рас па

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде танымал "торғайлық ақын" Саят Әбеновтің бірінші әйелі ел білмеген мәліметтерді жайып салды. Оның айтуынша, айтыскер осыдан он жыл бұрын өзі мен бір жасар сырқат баласынан теріс айналған. Белгілі ақынның бұрынғы жары Саяттың науқас баласына көмектеспек түгіл, ұлымен кездесуден бас тартатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы Астарлы ақиқат" бағдарламасының арнайы шығарылымында белгілі болды.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Алтын Асабаева 2008 жылы 17 жасында ақын жігіт Саят Әбеновке тұрмысқа шығып, оған Тұрлыхан есімді ұл сыйлаған.

Алайда, жас жұбайлардың тұңғышы сырқат болып дүниеге келген. Бастапқыда өзінен жүкті болып қалған сүйіктісіне үйленгісі келмеген айтыскер ақыр-соңы отбасын құрғанымен, бір жылдан кейін ерлі-зайыптылар айырылысып кеткен.

Алтынның айтуынша, Саят Әбенов отбасынан ажырасқаннан кейін сырқат баласымен мүлдем кездеспеген. Тіпті ұлымен қауышудан қашып жүрген көрінеді.

"Ортақ ұлымыз Тұрлыхан бар. Саятпен келіспеушілік кесірінен ажырасып кеткенбіз. Ол кезде Тұрлыхан бір жаста болған. Ұлыма туғаннан диагноз қойды.

Бала көп тала бастады. Науқас ұлым биыл 11 жасқа толады. Әкесі мүлдем қарайласпайды. Баланы осы уақытқа дейін көрген емес.

Ең сорақысы, балаға телефонмен өте дөрекі сөйлейді. Ұлым оны көргісі келсе, оған "келме, саған келуге болмайды" деп айтады. "Мен әлі барамын саған" деп өтірік уәде береді.

Осы уақытқа дейін қаншама рет өтірік үміттендіріп, бір келген емес" , - деді ақынның бұрынғы әйелі.

Оған қоса, Алтын Асаубаева белгілі айтыскермен отбасылық өмірі де аса ауыр болғанын жасырмады. Ол жолдасының болмашы нәрсеге жұдырық жұмсауынан кейін баласы науқас болып туғанын айтты.

"Қызғанып көп ұратын, екіқабат кезімде де көп қол көтеретін. Сол себепті, бала жетіспеушілігі бар, ауыр диагнозбен туды. Ол изопатиялық ұстамасы бар генерализовиялық эпилепсияға шалдықты.

Бізде сіреспе қаупі үнемі жоғары. Қазіргі таңда салмағы да көбейіп кетті. Қазір 60 келі.

Талмасы ұстап қалғанда тілін шайнап тастайды, ауа жетпей қалады. Тілін жұтып қоймас үшін қасық алып жүгіремін. Бірнеше рет менің саусағымды да шайнап тастаған.
Сондай кезде Саятқа хабарласып, баланы екі жақтап емдетейік деп айтамын. Ол болса, маған "ол баланы өткізіп жібер, неге оның өз басыңа машақат қыласың?" деп баладан мүлдем бас тартады. Жақында балам тағы да талды.

Ол телефонмен сөйлесіп, оның концертіне барғысы келетінін айтқан. Алайда, әкесі оған "не қыласың мені, мені іздеп келме, мен ұяламын" деді.

Сол күні баламның үш мәрте талмасы ұстады. 2018 жылдан бастап маған ай сайын мүгедек балаға тек қана он мың теңге төлеп келді. Алғашқы айлары он мың болатын, қазір соңғы төрт айда 25 мың теңгеге көтерді" , - деді келіншек.

Оған қоса, жалғызбасты ана Саят Әбеновпен қалай танысқаны жайлы бар шындықты айтты. Оның сөзінше, өзімен бір жыл бойы кездесіп жүрген ақын ол жүкті болып қалғанда отбасын құру туралы ойынан айнып қалған.

"Мен 2007 жылы Қостанайдағы журналистика факультетіне келіп түстім. Саят екінші курста оқитын. Қыз бен жігіт болып танысып, кездесіп жүрдік.

2008 жылы мен тұрмысқа шықтым. Махаббат болды. Маған керемет өлең шумақтарын жазатын. Өлеңмен сөз салды. Анаммен таныстырдым.

Ол АХАЖ бөліміне тіркелмеймін деді. Мүлдем бас тартты. Басында үйленеміз деп айтып жүріп, кейін қаша бастады. Менің жүкті болып қалғанымды білген соң айнып қалды.
Оның ата-анасы маған "Сен бұл баланы әзір тумай-ақ қой, Саят көтерілетін бала, болашағы бар. Ол көтерілсін" деді.
Ол өзі де, әпкесі де баланы алдыртуымды талап етті. Бұл бала аяғыма тұсау болады деді. Ол отбасылық өмірге дайын еместігін айтып ақталды" , - деп ағынан жарылды Алтын.

Айта кетерлігі, бағдарлама редакторлары Саят Әбеновтің өзімен телефон арқылы тілдесіп, мән-жайды анықтаған.

Отандық танымал жұлдыздардың "хит" әндерінің сөзін жазып жүрген ақын баласына үздіксіз ақша салғанын, өзінде тіпті чектары сақтаулы тұрғанын алға тартқан.

Алайда, Саяттың бұрынғы келіншегі оның сөзін жоққа шығып, тек соңғы жылдары ғана алимент төлегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827375-torgajlyk-akyn-saat-benovti-syrkat-balasy-men-jelin-tastap-ketkeni-ras-pa/

pixel