Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә дедім": Мадина Оспановаға сүйіктісі ұсыныс жасады (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Мадина Оспанова жақын арада отбасын құрып, келін атанбақ. Төреғали Төреәлінің фильмі арқылы қалың көпшілікке танылған аруға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен актрисаның өзі Instagram желісінде бөліскен.

Мадина Оспанова раушан гүлдерімен және құрбыларымен түскен суретін жариялап:

"Мен иә дедім. Тойға кім келгісі келеді" , - деген жазба қалдырған.

Жүрегі мен қолын ұсынған азаматқа келісімін берген актриса ұзату тойына қызу дайындықты бастап кетсе керек.

Ол желіде өміріндегі маңызды күнге көйлек таңдап жатқан сәтін көрсетіп, оқырмандарын тағы да қызықтырып қойған.

Айта кетейік, Мадина Оспанова әнші Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, соның арқасында ел арасында танымал бола бастады.

Оған қоса, халық арасында өнер иесі Төреғалимен көңіл жарастырып жүр деген қауесеттер тарады. Алайда актриса қаңқу сөздерге нүкте қойып, сүйіктісі туралы айтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір танымал ару Әсел Асқарға сырға салынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828149-i-dedim-madina-ospanovaga-sjiktisi-synys-zasady-foto/

pixel