Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диана Шарапова Алматы көшелерінде түсірілген бейнебаянын көпшілікке ұсынды

Опубликовано:

Қазақстандық әнші, «Голос» атты шоу бағдарламасының қатысушысы Диана Шарапова қалалық билік тарапынан бұл суреттердің сыртынан бояп тастау туралы ойларын ести сала тез арада Джокер бейнеленген сурет аясында бейнебаян түсіріп, барлық көше суретшілерін қолдауды ұйғарды.

Диана Шарапова Алматы көшелеріндегі үй қабырғаларына салынған граффити суреттер аясында бейнебаян түсіріп үлгерді
«Біз үлкен жұмыс атқардық. Алматыны аралап көше суретшілерінің ең жақсы, ең тартымды деген туындыларын таптық. Қалада Шерлок Холмс бейнесіндегі Бенедикт Кэмбербетчтің граффитиін таптық. Дінмұхамед Қонаев атамыздың муралын таптық, және де Гоголь көшесіндегі Николай Гогольдың муралын бейнебаянға түсірдік. Алматының орталығындағы және Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінің маңындағы жұмыстарды бейнебаянға түсіріп алдық. Түсірілімнің соңғы күні, Джокермен кадрлар түсірген кезде, біз осы керемет туындының көзін жойып, бояп тастау туралы жаңалықты естіп, үстімізден жай түскендей болдық", - дедi Диана Шарапова.
Диана Шарапова Алматы көшелеріндегі үй қабырғаларына салынған граффити суреттер аясында бейнебаян түсіріп үлгерді

Диана Шарапова Алматы көшелеріндегі үй қабырғаларына салынған граффити суреттер аясында бейнебаян түсіріп үлгерді
«Өнерді оның ішінде көше өнерін бақылаудау ұстауға болмайды. Бүкіл әлемге әйгілі лондондық суретші Бэнксидың туындылары миллиондаған доллар тұрады. Меніңше, Алматы әкімшілігі картада немесе анықтамада қандай қабырғаларға сурет салуға болатынын көрсетіп, оны интернетке жүктеу керек. Ары қарай суретшілер қандай сурет салуды өздері шешеді", - деп аяқтады әнші сөзін.
Диана Шарапова Алматы көшелеріндегі үй қабырғаларына салынған граффити суреттер аясында бейнебаян түсіріп үлгерді

Диана Шарапова Алматы көшелеріндегі үй қабырғаларына салынған граффити суреттер аясында бейнебаян түсіріп үлгерді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828287-diana-sarapova-almaty-kselerinde-tsirilgen-bejnebaanyn-kpsilikke-syndy/

pixel