Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаевтың жұбайы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

Әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат туған күнінде құрбы-құрдастарын жинап, қуанышты күнді ерекше атап өткен. Ал туған күнін кешінен суреттермен Ринат Заитовтың әйелі желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Зульфия Заитованың парақшасындағы суреттерден туған күн кешіне өнер иелері мен олардың жұбайлары келгенін байқауға болады.

Мәселен олардың арасында Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәділов, Мұқасан Шахзадаев, Арман Дүйсенов, Арман Бексұлтанов сияқты әншілер мен композиторлар, Ринат Заитов, Талант Арынғали сияқты ақындар да бар.

Кеште Мейрамбек Беспаев жұбайының туған күніне арнап ән шырқаған.

Желі қолданушылары да туған күн иесіне жылы тілектерін жаудырған. Олар:

"Бақытты болыңыздар", "Әдемі жұпсыздар", "Кілең жұлдыздар жиналыпсыздар", "Жақсы отырыс болған сияқты" деп жазуда көпшілік .

Айта кетейік, жақында ғана Мейрамбек Беспаев өзі де туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен еді.

43 жасын тойлаған өнер иесі туған күніне өнердегі әріптестерін шақырған.

Ал әншінің жұбайы оған сүйікті футбол командасы "Реал Мадрид" пен "Барселонаның" ойынына билет сыйлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828510-mejrambek-bespaevty-zbajy-tugan-knin-drkiretip-atap-tti-foto/

pixel