Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева профессор атанды

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестің жарқын өкілі Маржан Арапбаева өнер мен мәдениет саласындағы еңбегі еленіп, профессор атағымен марапатталды. Салтанатты шара әншінің өзі білім алып, түлеп ұшқан білім ордасында өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығын әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

Маржан Арапбаева профессор атағын иеленген сәтінің видеосын жариялап, көпшілікпен бөлісуді ұйғарған.

"Өнер және мәдениет саласындағы еңбегімді елеп, профессор атағымен марапаттағын үшін Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің басшылығына алғысым шексіз. Осы ғылым ордасының түлегі болғаныма қуаныштымын" , - деп жазды Арапбаева.

Желі қолданушылары марапатталған шоу-бизнес жұлдызын жарыса құттықтап, оған деген ақ тілектерін жаудыруда.

"Қандай керемет, құрметке әрқашан лайықсың", "Маржан ханым сіз үшін қуаныштымын! Сіз мықты әншісіз,мен даусыңызды қатты жақсы көрем керемет! Алға басыңыз, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз тілектеспін Маржан" , "Құтты болсын, қуаныштымыз. Әрдайым тілекшіміз" , "Жеңстерің мен жетістіктерің көбейе берсін" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829396-marzan-arapbaeva-professor-atandy/

pixel