Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязовқа айнытпай пародия жасаған тележүргізуші елді күлдірді

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Олжас Сыдықбек қазақ эстрадасының жұлдызы Өмірқұл Айниязовқа пародия жасаймын деп күлкіге қалды. Ол белгілі әншінің образына кіріп, барынша оның даусын айнытпай салуға тырысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Олжас Сыдықбек өзі жүргізетін "Таңғы хабар" бағдарламасында пародия жасау шеберлігін көрсетті. Ол Өмірқұл Айниязовтың көзінше оның даусымен ән айтып, көпшілікті күлдіртті.

Тележүргізуші өлеңді аяқтай алмай, өзі де күліп жіберген. Өзіне жасалған пародиядан кейін әншінің де көңілі көтерілген. Оған оқиға сәтінен жарияланған видео дәлел болмақ.

Олжас Сыдықбектің эстрада жұлдызының кейпіне енген сәтін Айниязовтың өзі Instagram парақшасында бөліскен.

"Жастар осылай қалжыңдайды" , - деп жазып қойған ол видеоның астына.

Аталмыш бейнеролик желі қолданушыларының ішек-сілесін қатырған. Олар Сыдықбектің тың өнерін қызу талқылап, оған өзінің оң бағасын беріп жатты.

"Айнытпай салыпты" , "Тамаша, неткен керемет пародия" , "Әдемі әзіл, күлкімді тыя алмай отырмын" , "Қандай күлкілі" , "Жақсы қалжыңдасады екенсіздер" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829746-mirkl-ajniazovka-ajnytpaj-parodia-zasagan-telezrgizusi-eldi-kldirdi/

pixel