Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда өнер көрсеткен Жолдыбаева залдағы ерлерді естен тандырды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева Талдықорғанда өткен шара барысында бар өнерін ортаға салды. Шоу-бизнес сылқымы атышулы "Карамель" әнін орындап, залда отырған ерлер қауымын естен тандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Кәмшат Жолдыбаеваның әсерлі өнер көрсетуінің видеосы Instagram желісіндегі әншінің фан-парақшаларының бірінде жарияланған.

Бейнежазбадан әртістің сахнада екі бишімен қоса билеп, ән айтқанын көруге болады. Видеодан Кәмшат өнер көрсеткен шара Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткенін байқауға болады.

Видео авторы Жолдыбаеваның өнеріне аса тәнті екенін білдіріп, оның әрдайым шоу жасайтынын жасырмады.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының сахнадағы іс-әрекетін аса ерсі деп санап, оны аяусыз сынап тастады. Көпшілікке ер адамдарға лық толы залда Кәмшаттың жұлқына билегені жақпай қалған.

"Кішкене үстіңізге жабық киім кисеңіз болар еді" , "Осы әншіні көрсем қан қысымым көтеріліп кетеді" , "Тамаша, жалғастыра бер" , "Мүсінің мінсіз Кәмшат" , "Тәнтімін өзіңе де, өнеріңе де" , - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829774-taldykorganda-ner-krsetken-zoldybaeva-zaldagy-erlerdi-esten-tadyrdy/

pixel