Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Джеки Чан": Танымал актрисамен төбелескен Әзімбек Байлин желіні шулатты

Опубликовано:

Белгілі әнші Әзімбек Байлин "Ашшы" атты жаңа бейнебаянын тыңдармандарына тарту етті. Өнер иесінің туындысында басты рөлді отандық актриса Мадина Оспанова сомдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Джеки Чан": Танымал актрисамен төбелескен Әзімбек Байлин желіні шулатты (видео)
Фото: Instagram: Instagram

Жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықты әртістің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Жаңа клип көреміз бе, ардақтыларым. Су жаңа ерекше сюжеттегі "Ашшы" атты бейнеклипімді қабыл алыңыздар", - деді ол.

Туынды Youtube желісіндегі "Той думан" арнасында жарияланды.

Бейнебаянда басты рөлді Әзімбек Байлин мен Мадина Оспанова сомдайды.

Оқиға желісі бойынша, жұбайлар ұялы телефонға бола жанжалдасып, бір-бірімен төбелесе кетеді.

Әншінің тыңдармандары ерекше әдіс-тәсілдермен түсірілген клипке тәнті болып, оң пікірлерін білдірген. Желі қолданушылары түрлі "трюктар" жасаған Әзімбекке сүйсінгендерін жасырмады. Арасында оның шеберлігін атақты Джеки Чанмен салыстырғандар да болды.

Сондай-ақ, олар жас актрисаға да жоғары баға беріп, жылы лебіздерін "жаңбырша" жаудырған.

"Мадинаның актерлік шеберлігі күшті", "Мадина өз саласының маманы", "Басты рөлді сомдаған қыз көрікті екен", - деді олар.

Желі оқырмандары "Алашұлы" тобының бұрынғы әншісіне қазіргі қоғам шындығын көрсеткені үшін ерекше алғыс айтты.

"Бейнебаянның мағынасы тереңде жатыр", "Ащы болса да, шындық", "Қазіргі қоғамның басты проблемасы", "Көптеген мәселені әзіл арқылы жеткізген Әзімбек сізге рақметімді білдіремін", -деді олар.

Сондай-ақ, бейнебаянға танымал жайдарманшы Қабдол, "Қалаулым" жұлдызы Бердақ Бекетов те түскен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әзімбек Байлиннің "Қатыным" атты бейнебаяны жарыққа шыққан болатын.

Кейінірек әншінің "Алашұлы" тобынан кеткені жария етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830341-dzeki-can-tanymal-aktrisamen-tbelesken-zimbek-bajlin-zelini-sulatty-video/

pixel