Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген "Виктория" жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген ресейлік "Виктория" ұлттық музыкалық сыйлығының "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: Facebook

"Жыл жаңалығы" номинациясының лауреаты Отандық музыканы қолдау қорының кеңесімен таңдалады.

Сонымен қатар, Димаш "Olimpico" әнімен "Классикалық музыкадағы жыл вокалисі" номинациясында үздік деп танылды.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: Instagram

15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері 5 желтоқсанда Мемлекеттік Кремль сарайында салтанатты түрде жарияланды.

Бұл жаңалығымен қазақстандық әнші өз Instagram парақшасында бөлісіп үлгерді.

"Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздермен ресейлік музыкалық "Виктория" премиясында екі аталымда жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. "Классикалық музыкада жылдың әншісі" және "Жыл жаңалығы" бойынша. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма және қолдауларына үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарыма арнадым. Менің Ресейдегі командама және композитор Игорь Крутойға махаббаттарыңыз бен достықтарыңыз үшін көп рақмет!",- деді ол.
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: Facebook

Естеріңізге сала кетейік, "Виктория" сыйлығы жылдың соңында үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыкалық сыншыларға және ірі медиа холдинг басшыларына беріледі.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com: Facebook

10 желтоқсан күні Димаш Құдайберген Нью-Йоркте (АҚШ) жаңа "Arnau tour ENVOY" концерттік бағдарламасын ұсынады. Концерт билеттері сатылым басталғаннан-ақ санаулы сағаттың ішінде өтіп кеткен.

Димаштың сиқырлы үні жүректерінің төрінен орын алған әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер ұшаққа билет алуға асығып, өз кумирімен кездесуді тебірене күтіп отыр.

Концертті АҚШ-тағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады. Алдағы бірегей концерт жайлы жер жаһанның жетекші халықаралық ақпараттық алаңдары мен видеохостингтері - Mashable.com, The Guardian, Dailymotion және тағы басқалары жарыса жазып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830641-dimas-kdajbergen-viktoria-zldesinde-eki-nominacia-bojynsa-zeiske-zetti-foto/

pixel