Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа өмір": Бес баланың анасы Динара Сұлтан аяғы ауыр екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстандық танымал әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан алтыншы сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Өнер иесі өзінің қуанышты жаңалығын ерекше жазба арқылы жеткізіп, жанкүйерлерін сүйсінтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динара
Динара Сұлтан. Фото: instagram: Instagram

Бес баланың анасы әр сәбидің өз несібесі бар екенін тілге тиек етіп, әр перзенті дүние есігін ашқанда өзінің өмірі қалай өзгергенін жазды.

"Сурая дүниеге келгенде, мен танымалдылық шыңында болдым, халықаралық конкурстарда жеңіп, Динара Султан болып елге танылдым.

Сара дүниеге келгенде, мүлдем басқа өмір басталды. Шетелге көшіп, басқа елдің дәстүрімен таныс болдым.

Иман дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді. Мұса дүниеге келгенде, үш қыздан кейін аңсаған ұлымызды қойнымызға алдық, елге оралып, армандап жүрген жаңа баспанамызды алдық.

Мәди дүниеге келген кезде, он жыл бойы түскім келген оқуға түсіп, осы жылы магистрант атанам, сабақ беруге әбден құқығым болады.

Сол жылы өз шығармашылығыма оралып, «Жұлдызды Жекпе-Жекті» ұтып, жаңа аппақ көлікке ие болдым. Ақ көйлек киіп,той жасадық.

Алла қаласа, бұл нәресте де өз несібесімен келеді. Алдымыздағы жыл жаңа проект пен қызықтарға толы. Дүниеге келген сәби - ол жаңа өмір, жаңа тыныс, мен үшін үлкен стимул", - деп жазды Динара өз постында.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа аса қуанышты екендерін жарыса жазып, әнші құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830913-zaa-mir-bes-balany-anasy-dinara-sltan-aagy-auyr-ekenin-mlimdedi/

pixel