Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская 29 жасын ерекше стильде атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская алтыншы желтоқсан күні 29 жасқа толды. Кино саласының жұлдызы туған күн кешін 90 жылдардың стилінде атап өтуді жөн көрген. Ал мерекелік шараға келген қонақтардың барлығы дерлік белгіленген дресс-кодқа сай киініп келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жәния Джуринская туған күніне орай құттықтап келген достары мен жақындарына естен кетпес кеш ұйымдастырған.

29 жасқа толған актриса жеке мерекесін 90 жылдардың стилінде өткізген.

Өнер иесі мен оның қуанышына ортақтаса келген қонақтары да таңдалған дресс-кодты ұстанған. Алайда, туған күн иесі өзгелерден ерекшелену үшін қызыл түсті ретро стильдегі көйлек киюді жөн көрген.

Туған күн кешінде болған жұлдызды қонақтар өз кезегінде, сол жылдарға тән сай киім үлгісін таңдаған. Олардың арасында Сая Оразғалиева, Дана Есеева, Мейіржан Төребаев бар.

Айта кетейік, "Патруль" жобасы арқылы көпшілікке танылған әзілкеш Мейіржан Төребаев кештің асабасы қызметін атқарған. Ол оның жұбайы Дана Есеева Джуринскаяның жақын құрбыларының бірі болып табылады.

Көңілді отырыс кезінде түсірілген суреттер мен видеолар Instagram желісінде жарияланған. Туған күн иесі мен қонақтар шулы кештің қалай өткенін қалың көпшілікпен қуана-қуана бөлісіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830979-znia-dzurinskaa-29-zasyn-erekse-stilde-atap-tti-foto-video/

pixel