Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал "Молдабай" әніне заманауи клип түсірген жігіттер жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Қазақ өнері "Молдабай" атты бейнебаянмен толықты. Туындыны талантты жігіттерден құралған "Алатау серілері" тобы тыңдармандарға тарту еткен болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Қалың көрерменнің көңілінен шыққан бейнебаян Youtube желісіндегі "Той думан" арнасында жарияланды.

Кадрдан қымбат көлікті, гольф таяғын, бірнеше қолшатырды және еуропалық декорацияны байқауға болады.

Сондай-ақ, видеодан ұлттық киім киген қыздар мен алып денелі жігіттерді, қыран бүркіт пен құмай тазыны ұстаған уәзірді, тақта отырған ханды, қойды арқалаған батырларды, ілулі тұрған бірнеше домбыраны және руна жазуын аңғару қиын емес.

Бейнебаянда театр және кино актері Бекжан Тұрыс пен Еркебұлан Дайыров, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі өздеріне берілген рөлдерін жоғары деңгейде алып шыққан.

Жаңа туындыны көрген желі оқырмандары "Алатау серілері" тобына жылы тілектерін жарыса жазды.

"Керемет! Эстраданы емес, енді төл өнеріміз дәстүрлі әнді қолдап дамытайық", "Алатау серілеріне үлкен алғысымды білдіремін", "Алар асуларың көп болсын! Нағыз қазақтың серілері", "Шын әншілер деген осы жігіттер", "Дауыстары қандай керемет", "Бейнебаян көңілімнен шықты. Келесі туындыларыңызды асыға күтеміз", - деген сынды пікірлерін қалдырды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831036-tanymal-moldabaj-nine-zamanaui-klip-tsirgen-zigitter-zrtty-tagaldyrdy/

pixel