Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пластикалық ота жасатқан Әлішер Кәрімов қатаң сынға қалды

Опубликовано:

Бет-әлпетіне өзгеріс енгізгісі келіп, пластикалық хирургтің көмегіне жүгінген әнші Әлішер Кәрімовтың шешімін шоу-бизнестегі әріптестері қолдамады. "Заман" тобының ота қатысты өз айтар ойлары бар деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі "Заман" тобының жігіттері сымбатты көріну үшін пластикалық ота жасатуды әбестік деп санайтындарын айтады. Себебі бұл әке-шешеге де ауыр тиюі мүмкін.

"Менің түсінуімше, ол деген әке-шешемізге "неге бұлай тудың" деген сияқты ғой. Барлығы енді Алланың бергені. Сонымен келе жатырмыз" , - дейді Әсет Қарабалин.

Оның бұл пікірін топтағы әріптесі Ерген де толығымен қолдайды.

"Құдай қисық қылып жаратты ма, солай жүре беру керек. Құдайға деген шүкірін осыдан басталады. "Жоқ маған мына түр ұнамайды" десе, онда күпірлік келтірген болады" , - дейді Ерген Айтымбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов бет-әлпетіне жасатқан пластикалық ота жайлы ашып айтқан еді.

Өнер иесі шын мәнінде қандай операцияға бел буып, қандай мақсатпен жасатқанын баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831236-plastikalyk-ota-zasatkan-liser-krimov-kata-synga-kaldy/

pixel