Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасым екеуміз таңдаймыз": Ахмадиева тұңғышына қандай есім бермек

Опубликовано:

39 жастағы Дильназ Ахмадиева тұңғышының дүниеге келуін асыға күтуде. Аяғы ауыр өнер иесі бүгінде ана атануға барынша дайындалып жатыр. Шоу-бизнес жұлдызы тіпті, сәбиіне қандай есім беретінін де ойластырып қойған. Ерлі-зайыптылар нәрестеге ат қою шешімін дәстүр бойынша үйдің үлкендеріне тапсырмаған. Болашақ ата-ана есімді өздері таңдайтын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ"-ке сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дильназ Ахмадиева қазіргі таңда өміріндегі аса бақытты шақтарының бірін басынан өткеріп жатыр. Эстрада жұлдызы алдағы жылы алғаш рет ана атанбақ.

Бүгінде аяғы ауыр екені айтарлықтай білініп қалған өнер иесі болашақ сәбиінің жынысын әзірге айтудан бас тартуда.

Алайда, тұңғышына қандай есім беретінін Ахмадиева алдын ала ойластырып қойғанын алға тартты.

"Менің ойымша, баламызға ұлтаралық ат қойсақ дұрыс болады деп ойлаймын. Ол орысша, қазақша, ұйғырша болмайды. Меніңше, түркі есім береміз. Шығыстық немесе араб есімі болар.
Бәріміз көптен күттік. Көптен күткен бала ғой. Апаларымыз кешіреді енді. Бірақ, баламыздың атын жолдасым екеуміз таңдаймыз. Жынысы құпия. Мұндай ақпаратты жария етпеймін. Күтеміз, көреміз" , - деді Ахмадиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831557-zoldasym-ekeumiz-tadajmyz-ahmadieva-tgysyna-kandaj-esim-bermek/

pixel