Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың жанкүйерлері оны Нұр-Сұлтан әуежайында құрметпен күтіп алды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Әуежай оның өнеріне табынушыларға лық толы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dimash.dostar
Фото: instagram.com/dimash.dostar: Instagram

Димаштың жанкүйерлері оны зор құрметпен күтіп алып қана қоймай, оқиғамен Instagram әлеуметтік желісінде бөлісуді жөн көрген. Осылайша, dimashdears_news қоғамдық парақшасында әншіні күтіп алу сәтінің көрсетілімі жүргізілді.

Желі қолданушылары көптеген мақтау сөздер айтып, тек әншінің талантын ғана емес, оның ата-анасына қатысты жағымды пікірлерді жаудырды.

"Бүкіл отбасы құрметке лайықты, әкесінің өзі қандай, баласына қалай қамқорлық көрсетеді. Мамасы дана, әжесі мен атасы туралы айтпай-ақ қояын", "Халық өзінің біртуар ұлын күтіп алуда!", "Қазақстан осындай Ұлымен мақтануы тиіс", – деп жазды олар.

Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Нью-Йорктің "Барклайс центр" аренасында әлемді мойындатқан Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. Әншінің дауысын есту үшін әлемнің 54 елінен тыңдарман келген.

Әншінің айтуынша, үлкен сахнаға шығып, қазақ мәдениетін әлемге таныту оның бала күнгі арманы болған.

Концерт барысында Димаш қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай тілдерінде ән шырқады. Сондай-ақ, Димаш шоудың ортасына қарай қазақтың ұлттық аспабы - домбыра шертіп, көрерменді таңдай қақтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831676-dimasty-zankjerleri-ony-nr-sltan-uezajynda-krmetpen-ktip-aldy-video/

pixel