Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

77 жастағы танымал тележүргізуші жас көңілдесіне тұрмысқа шықпақ

Опубликовано:

Ресейлік тележүргізуші Ангелина Вовк жеке өмірінде болып жатқан соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Оның сөзінше, 2020 жылы ол өзінен әлдеқайда жас ер адамға тұрмысқа шықпақ. Аталған ақпаратты жүргізушінің өзі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Вести басылымына сілтеме жасап.

77 жастағы танымал тележүргізуші жас көңілдесіне тұрмысқа шықпақ
Фото: "Комсомольская правда" басылымы: UGC

Соңғы кездері танымал тележүргізуші салтанатты жиындарда музыка тарихшысы Михаил Куницынмен бой көрсетіп жүр.

Қос ғашық бірге кино көріп, концерттерге барып, демалады. "Комсомольская правда" басылымының хабарлауынша, жұлдызды жұптың жақындары 2020 жылға жоспарланған тойлары жайлы айтып өткен.

Ангелина Вовк аталған ақпаратты растады. Оның сөзінше, Михаил Куницын оған расымен де жүрегі мен қолын ұсынып, тұрмысқа шығуға сөз салыпты.

Қазіргі таңда тележүргізуші тойды қай айға жоспарлаған дұрыс екенін ойластыруда.

Айта кетерлігі, танымал жүргізуші 77 жаста. Ол осыған дейін екі рет шаңырақ көтерген. Оның бірінші күйеуі - Орталық телеарнаның дикторы Геннадий Чертов болды. Ал екіншісі - чех киностудиясының суретшісі Индржих Гец.

Ангелина Вовк 1975 жылы ауыр түрде перитонит ауруын бастан өткізіп, асқынулар салдарынан бала сүйе алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда 65 жастағы әйелдің 35-тегі азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы хабарлаған едік. Салтанатты рәсімнің видеосы желіге тарап, қызу талқыға сланыған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832198-77-zastagy-tanymal-telezrgizusi-zas-kildesine-trmyska-sykpak/

pixel