Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен вальс билеген Ләйлә Сұлтанқызына ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Желіде танымал отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасымен вальс билеп жатқан видеосы тарап кетті. Әдетте еш жерде бірге бой көрсетпейтін ерлі-зайыптылардың ерекше биі көпшілікті тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуімен вальс билеп жатқан видеосы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.

Бейнежазбадан тележүргізуші мен оның жолдасы Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек шырқаған әнге билеп жатқанын көруге болады.

Желідегілердің пайымдауынша, ерлі-зайыптылардың тарап кеткен видеосы Сұлтанқызының туған күн кешінде түсірілген болса керек.

Отағасымен түскен суретін мүлдем салмайтын танымал тележүргізушінің жолдасымен құшақтасып вальс билегені көпшілікті тәнті етті.

Желідегілер ерлі-зайыптыларға сүйсініп, оларға ақ тілегін жаудырған.

"Әп-әдемі екен ғой күйеуі" , "Сондай жарасымды, бақытты болыңыздар" , "Осылай бірге әрдайым күлімдеп жүріңіздер" , "Жолдасыңыз сымбатты екен. Нағыз қазақ жігіті" , "Екеуі сондай бақытты, өте жарасымды жұп екен" , "Күйеуін бірінші рет көріп тұрмын" , "Жарасасыздар" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқарға жолдасы аса қымбат көлік тарту еткенін жазған болатынбыз.

Оған қоса, Мақсат Базарбаев отбасылық өміріне қатысты құпиялармен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832514-kjeuimen-vals-bilegen-ljl-sltankyzyna-el-sjsindi-video/

pixel