Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкада күй тартқан қазақ жігіті өнерімен шетелді тамсандарды (видео)

Опубликовано:

Америкада қазақтың қара домбырасын шерткен күйші Айбек Әрімбек елді таңырқатты. Ұлттық аспаптың "Times Square" алаңында күмбірлеген видеосы әлеуметтік желіде лезде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Нұр-Сұлтан әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының хабарлауынша, Айбек Әрімбек Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындаған.

"Қорқыт" дәстүрлі музыка тобының Халықаралық "Қазақстан әлемдік фотографтар көзімен" атты Халықаралық көрмеге барған уақытында әртістер Нью-Йорк көшелерінде тікелей импровизацияланған музыкалық экспромт жасауды шешті",- деді филармонияда.

Ал әртістің өзі көпшіліктің домбыра үніне қызығушылық танытқанын айтады.

"Біздің ұлттық аспабымыз домбыра әйгілі "Times Square" алаңында күмбірлегенін қаладым. Өтіп бара жатқан адам музыканың ерекше үніне таң қалып, видоға түсіріп жатты. Олар біздің қай мемлекеттен келгенімізді сұрап, домбыраға қызықты. Мен Қазақстан мен оның музыкасы, осындай рухани байлығы үшін қатты мақтандым",- деді Айбек Әрімбек.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық вайнер Ербол Хамза Париж қаласындағы Эйфель мұнарасының алдында домбырамен Құрманғазының күйін шертті. Қазақстандық жігіттің өнер көрсеткен сәтін әріптесі Жансерік Қадырбаев өз Instagram парақшасында жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833032-amerikada-kj-tartkan-kazak-zigiti-nerimen-seteldi-tamsandardy-video/

pixel