Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай бақ берсін": Қайрат Нұртас қызын туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде үлкен қызы Сезімге жазба арнап, оны туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі тұңғышы толықтай ата-апасының баласы болғандықтан оған әкесі ретінде тілек айтуға да ыңғайсызданатынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шоу-бизнес жұлдызы жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Қайрат Нұртас өзінің ата-анасына алғаш рет немере деген сезімді танытқан қызына ұзақ ғұмыр тіледі.

"Атасы мен апасына алғаш немере деген тәтті сезімді сезіндірген Сезімім, туған күніңмен жүрегім. Жаратқан Ием ғұмырыңды ұзақ етіп, өміріңді бақытты етсін! Атасының қызына әкесі боп тілек айтуға “дух” жетпей отыр. Құлынымның басына Құдай бақ берсін" , - деп жазды өнер иесі.

Сезімнің туған күні туралы хабардар болған желі қолданушылары оның жұлдызды әкесіне қосылып, оған ақ тілектерін жаудырған.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасындағы барша суреттерді өшіріп тастап, тек бар-жоғы екі фото қалдырғанын жазған болатынбыз.

Әншінің бұл әрекетіне не түрткі болғаны оның барлық жанкүйерлері үшін жұмбақ болып қалуда. Шоу-бизнес өкілі бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, елге әзірге түсіндірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834940-kdaj-bak-bersin-kajrat-nrtas-kyzyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady/

pixel