Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергенов Джеки Чанға сыйлық жасады

Опубликовано:

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы қытайлық әйгілі актерге кезекті альбомының тұсаукесері кезінде сыйлық тарту етті. Айта кету керек, әртістер өзара қолтаңба алмасты да деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Джеки Чанға сыйлық жасады (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Димаш Құдайбергенов әйгілі қытайлық актермен әр кездесу кезінде өзара сыйлық алмасатынын айтты.

Бұл жолы ол әлемге әйгілі тұлғаға қазақстандық өндіруші шығарған костюмді сыйға тартты. Ал Джеки Чан әншінің сыйлығын бірден киіп көрді.

Сонымен бірге, әнші Джеки Чанның бұл орайда одан асып түскенін атап өтті. Ол Чанның бір кездері Димаш Құдайбергенвтің бүкіл отбасына бір чемодан сыйлық жасағанын сөз етті.

Сондай-ақ, өнер иесі әр кездесуінде қытай актерімен сөйлесуден жағымды әсер алатынын атап өтті. Ол Чанның өзге әртістерден ерекше екенін және рухани бай екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі қытай актері Джеки Чанға қонаққа келгені туралы хабарланған болатын.

Сонымен қатар, өткен жазда Джеки Чан өзінің кинофестивалінде Димашқа орнынан тұрып, қол шапалақтағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835028-dimas-kdajbergen-dzeki-canga-syjlyk-zasady-video/

pixel