Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жасқа толған Бақыт Шадаева туған күнін қалай атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бақыт Шадаева 50 жасқа толды. Өнер иесі туған күніне орай арнайы дастархан жайып, ет-жақындары мен өнердегі достарын шақырған. Эстрада жұлдызының мерекелік кеші қалай өткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal/
kuna_official Коллаж: KAZ.NUR.KZ
kuna_official Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бақыт Шадаева 50 жас мерейтойын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тек жанына жақын жандармен өткізуді ұйғарған. Өнер иесінің қуанышында оның отбасы мен туыстарынан басқа, бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары болған.

Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, Меруерт Түсіпбаева, Нағима Есқалиева, Толқын Забирова, Әлішер Кәрімов, Жеңіс Ысқақова, Абай Бегей және өзге де өнер адамдары бар.

Әншібарша қонақтармен қоса көңіл көтеріп, өзі өнерін ортаға салған.

Көңілді кеште Абай Бегей, Мақпал Жүнісова мен Толқын Забирова ән шашуын шашқан.

Өнер иелері Instagram желісінде той кезіндегі видео және суреттермен белсенді түрде бөліскен.

Желі қолданушылар туған күн иесін жекеменшік мерекесімен құттықтап, оған деген ақ тілегін жаудырды. Олардың басым көпшілігі Шадаеваның 50 жасқа толғанына сенбеген. Көпшілік эстрада жұлдызының тым жас көрінетінін алға тартуда.

"50-ге келді ма расымен?" , "Туған күніңізбен, шағырамашылығыңыз шарықтай берсін. Шын айтсам, сіздің 50-ге толғаныңызға сене алмай отырмын" , "Мен бұл кісіні әлдеқайда жас деп ойлап жүрсем" , "Бақытты болыңыз, ән қоржыныңыз хиттерге тола берсін" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835778-50-zaska-tolgan-bakyt-sadaeva-tugan-knin-kalaj-atap-tti-foto-video/

pixel