Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"25 келіге арықтадым": Әбунасыр Серіковтің ауыр дертке шалдыққаны рас па

Опубликовано:

Отандық танымал актер Әбунасыр Серіков төрт жыл бойы ауыр дерттен емделіп жүргенін ашып айтты. Өнер иесі науқастанып қалғандықтан тіпті, өзі ашқан "Нысана" театрын да таратып жіберуге мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/abeke.serikov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/abeke.serikov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Серіков сырқаты салдарынан гастрольдік сапарларға шыға алмай қалғанын жасырмады.

Оған қоса, комедия жанрының майталманы ауруының кесірінен 25 келі тастаған болып шықты.

"Төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін мен қазір гастрольге шыға алмаймын. Өзі Алла Тағала әкеліп сол науқасты беріп, киноға алып келді-ау деп ойлаймын. «Сен осыны менен тілеп едің ғой» деп.

Төрт жылдан бері емделіп жүргеннен кейін, маған қиын болды. Себебі аяқ-қолым жылымайды.

Бірақ сол жердегі біздің суретші, жарық бергіш пен гример қыздарымызға рахмет айтамын. Сол жердегі жігіттердің бәріне алғысым шексіз. Себебі, аяғым ауырып, қақсағанда жата салам. Біреу арқамды, біреу табанымды, біреу санымды, біреу балтырымды уқалай кететін.

Мен өзім науқастанғаннан кейін 25 килограмм тастадым. Мен енді-енді екі-үш келі қосып, өз-өзіме келе жатырмын. Қазір мен поликлиникаларда тіркеуде тұрамын. Маған дәрісін береді. Дәрісін таңертең ішемін, түсте ішемін, кешке ішемін. Сондықтан да өз-өзіме енді келе жатырмын" , - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Сонымен қатар, бағдарлама тілшілері Әбунасыр Серіковпен хабарласқанда, ол шетелде ем алып отаға дайындалып жатқанын хабарлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Әбунасыр Серіковтың ұлы екінші мәрте шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836392-bunasyr-serikovty-auyr-dertke-saldykkany-ras-pa/

pixel