Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Серғазиннің студенттік кезіндегі суреті елді күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Отандық танымал актер Дәурен Серғазин студенттік шақта қандай болғанын көрсетіп, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Өнер иесі жариялаған сурет желідегілердің көңіл күйін көтеріп, қызу талқыға себепші болған. Фотода тағы бір белгілі киножұлдыз Әділ Ахметов та бой көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurensergazin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/daurensergazin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дәурен Серғазин студен болып жүрген кезіндегі суретпен Instagram парақшасында бөліскен. Аталмыш фотода қолдарында бір-бір музыкалық аспабы бар үш жігітті көруге болады. Біреу олардың беріле ән шырқап жатқан сәтін түсіріп алған.

Олардың арасындағы ортасында тұрған Серғазиннің өзі болса, оның оң жағындағы азамат күні бүгін аса танымал актер Әділ Ахметов. Белгілі болғандай, қос жұлдыз студенттік кезден бері жақсы дос ретінде араласып келеді.

"Студент кезде әжептәуір трио болғанбыз" , - деген жазба қалдырған өнер иесі фотоның астына.

Желі қолданушылары екі жұлдыздың ЖОО қабырғасындағы кейпіне өз пікірін білдіріп, күлкісін әрең тыйып жатты.

"Құлақты айтсаңызшы. Өзіңіз жаман арық болыпсыз, қалай баянды көтеріп тұрсыз?" , "Осындай көзілдірік болған ба? Қай ғасыр бұл?" , "Жасыңыз нешеде мына жерде? Тым кішкентай баласыз" , "От болған кездеріңіз ғой" , "Триода әнді ең күшті сіз айтқан сияқтысыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Әділ Ахметовтың дене сымбатын көптің назарына паш еткенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837274-duren-sergazinni-studenttik-kezindegi-sureti-eldi-klkige-karyk-kyldy/

pixel