Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы жігіттер": Әбдіжаппар Әлқожа бандиттерді құрметтейтінін жеткізді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа бандит-сымақ азаматтар туралы бар шындықты ашты. Өнер иесі олармен жақсы қарым-қатынас орнатып алғанын да жасырмай айтқан. Шоу-бизнес жұлдызы заңсыз жолмен жүрген жігіттерді нағыз шынайы адамдарға теңеп, олардың аса қатты құрметтейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Youtube" желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әбдіжаппар Әлқожа бұрындары өзі де бандиттер ортасында болғанын жайып салды. Өнер иесі кейін әншілікке бет бұрып кетсе де, олармен жақсы қарым-қатынас сақтап қалған.

"Алматыда бандиттерді танимын ғой. Мен олармен алдындары жақын болғаннан кейін танысып-білісіп алғанбыз. Кейін әнші болғаннан кейін де бізге келіп араласады. Негізі бандиттер нағыз шынайы жігіттер ғой. Сөзге тоқтайтын, сөз сөйлей алатын жігітер ғой. Қатты құрметтейтін оларды. Сол құрметтеп орталарында жүргеннен кейін олар мені ешқайда жұмсай алмайды. Жұмсауға ұялады. Маған ешкім әлімжеттік жасаған жоқ" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожа отандық премиялардың әділ өтпейтінін жайып салып, оларды сынға алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837499-synajy-zigitter-bdizappar-lkoza-banditterdi-krmettejtinin-ajtty/

pixel