Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаңа рахмет": Бүркіт Аишаны туған күнімен құттықтап, алғысын жаудырды (видео)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Бүркіт үш баласының анасы, аяулы жары Аишаны туған күнімен ерекше құттықтады. Әнші келіншегіне жүрекжарды тілегін арнап, оны тәрбиелеп өсірген анасына алғыс айтқан. Эстрада өкілінің жұбайы жаңа жасын шетелде демалыста тойлап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүркіт сүйіктісіне деген аса әсерлі тілегін Instagram парақшасында білдірген. Онда ол барынша ашылып, өзіне әке бақытын сыйлаған жарына алғысын айтқан.

"Жаным менің! Туған күніңмен! Аиша саған бүгінгі барым үшін рахмет! Күнделікті маған сыйлайтын махаббатың үшін рахмет! Балапандарымыз үшін рахмет! Кішкентай Сафия ханшайымымыз үшін рахмет! Сені осындай ақкөңіл, әдемі, ақылды қызды өсіріп тәрбиелеген анаңа рахмет! Мен сені сүйемін! Алла тағала саған бұл әлемдегі бар жақсылық атаулысын нәсіп етсін! Туған күніңмен" , - деп жазды ол.

Оған қоса, өнер иесі отбасымен демалып жатқан қонақ үй қызметкерлерінің көмегімен Аишаға арнайы тосын сый жасаған. Бүркіт барша даяшыларға ән айтқызып, жұбайын ерекше құттықтаған.

Айта кетейік, бұған дейін Бүркіт пен Аишаның ұлын туған күнімен қалай құттықтағанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838127-anaa-rahmet-brkit-aisany-tugan-knimen-kttyktap-algysyn-zaudyrdy-video/

pixel