Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік әнші қазақстандық досы сыйлаған бағалы сыйлығы жайлы айтты

Опубликовано:

Танымал ресейлік әнші Дмитрий Маликов Қазақстанға келіп тұрғанды жақсы көретінін айтып, қазақстандық досы сыйлаған бағалы сыйлығымен мақтанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әйгілі ресейлік әнші қазақстандық досы сыйлаған бағалы сыйлығы жайлы айтты
Фото: іnstagram.com/dmitriy_malikov: UGC

29 қаңтар күні 50 жасқа келген Дмитрий Маликов рассказал об одном дорогом подарке, который получил от своего друга в Казахстане на один из своих прошлых юбилеев.  

"Менің Қазақстаннан шыққан жақын досым қырық жасыма концертке арналған үлкен рояль сыйлады. Ол тек әлемнің ең белді залдарында және Ресейде бар. Ал ол менің үйімде тұр", - деді Маликов "Россия сегодня" халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығындағы кездесу кезінде.

Сондай-ақ, Маликов Қазақстанда жиі болып тұрғанды, отанымыздың табиғатына тамсанатынын айтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, танымал ресейлік сазгер, әнші әрі продюсер Дмитрий Маликов Жаңа жыл мерекесін Қазақстанда қарсы алғанын хабарлаған едік.

Әйгілі Маликовтар отбасының Қазақстанға келгені туралы хабармен әншінің қызы Стефания өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Олар мерекені Алматы қаласында қарсы алған.

Айта кетейік, Дмитрий Маликов кеңестік және ресейлік сазгер, әнші, актер, продюсер әрі тележүргізуші. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі. Өнер иесінің екі қыз, бір ұлы бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838396-resejlik-nsi-kazakstandyk-dosy-syjlagan-bagaly-syjlygy-zajly-ajtty/

pixel