Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шудың бойында": Хит әннің орындаушысы анаша шеккенін жайып салды

Опубликовано:

Ел арасында "Шудың бойында" әнімен асқан танымалдылыққа ие болған орындаушы Ахан Отыншиев өзінің ана шегетіні жайлы қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі алғаш рет сұхбат барысында есірткі қолданғанын мойындады. Алайда, хитменнің сөзінше, бүгінгі күні ол мұндай харам нәрселерді қойып, олардан бас тартқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ/NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ/NUR.KZ: Twitter

Ахан Отыншиев алғаш рет есірткіге әуестігі жөнінде пікір білдіріп, кезінде анаша шеккенін жоққа шығармады. Бірақ, хит әннің орындаушысы дінге бет бұрғалы, бұл нәрсенің харам екенін толыққанды түсінген. Содан бері ол есірткі атаулысына жоламайтынын жеткізді.

"Соңғы рет 2008 жылы көргенмін. Шуда жүрген соң, көресің ғой. Бірақ, қазір мен шекпеймін, мен жоқпын. Діндемін. Мен өз басым анашаға, есірткі атаулысына қарсымын. Дінде болған соң, харам нәрселерден аулақпыз. Сенімді түрде айта аламын.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист отандық жұлдыздардың анаша шегіп, кокаин иіскеп жүргендерін жайып салған болатын. Оған қоса, ақпарат өкілі өнер иелері бұл жаман әдетімен қатар, дінге аса жақын болып жүргенін де алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838572-sudy-bojynda-hit-nni-oryndausysy-anasa-sekkenin-zajyp-saldy/

pixel