"Не отырыс": Ақбота Айдарқұлова желідегі суреті үшін елден оңбай сөз естіді (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Айдарқұлова желіде жаңа суреттер жариялап, халықтың сынына ұшырады. Көпшілікке өнер иесінің отырысы ерсі көрінген. Олар шоу-бизнес жұлдызының қылығы екі баласы бар анаға мүлдем сай емес деген ойда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Айдарқұлова Instagram парақшасын жаңа фотолармен толтырып, желіні шулатты. Әншінің жерде отырып түскен суреті көпшілікке жақпай, көптеген кері пікірлерді жинаған.
Желі қолданушылары тіпті, оған фотоны өшіріп тастауға кеңес берді.
"Не отырыс мынау? Фотограф әдемі поза таппай қалды ма? Өте ерсі көрінеді" , "Әйел адамның талтайып отырғаны ерсі көрінеді, қатты айтып жіберсем кешірерсіз" , "Сізге мұндай сурет жараспайды. Бәрі менімен келісетін сияқты" ,
"Талтаймаңызшы, ақылыңыз бар ғой. Өшіріп тастағаныңыз дұрыс болар" , "Ыңғайсыз емес пе?" , "Мұндай стиль сізге сай емес" , "Бұлай отырған жараспайды екен" , "Көпшілікке қосыламын, тым ерсі" , "Екі баласы бар анаға лайық қылық емес" , - деп жазған желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Айдарқұлова енесінің алдында қалай ұятқа қалғанын жазған болатызбыз. Өнер иесі алғаш келін болып түскен кезінде көп нәрсе жасау білмегенін жасырмады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840161-ne-otyrys-akbota-ajdarklova-zelidegi-sureti-sin-elden-obaj-sz-estidi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.