Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев ұрлыққа барғанын мойындап, көпті таңғалдырды

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өзіне қатысты тың мәліметті жасырмай жайып салды. Өнер иесі балалықпен көршілерінің үйіне ұрлыққа түсіп тұрғанын мойындап, қалың көпшілікті таңғалдырған. Алайда, уақыт өте келе әнші бұл әдетінен арылған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мейрамбек Бесбаев өнердегі аса қадірлі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың артынан ілесіп, әншілікке бет бұрғалы ұрлық атаулысын қойғанын алға тартты. Өнер иесі шоу-бизнес әлеміне басымен кіріп, балалықпен жасалған әрекеттерін мүлдем ұмытқан.

"Көршілердің дарбызын, қауынын ұрлап, алмасын ұрлап өстік қой енді. Өзіңнің үйіңде болса да бірақ ұрлап жеген тәтті боп көрінетін ба еді, сондай еді. Одан кейін төртінші кластан кейін ғой деймін, 87 жылдар Алтынбек Қоразбаев көкеме ілесіп, өнерді қуып кеткеннен кейін ол балалық шаққа да, ойынға да қатты уақыт та болмай кетті, шынымды айтайын" , - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әншілерді сынға алған болатын. Ол бүгінде көптеген жас әншілердің сахна мәдениетін сақтанбайтынын алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840785-mejrambek-besbaev-rlykka-barganyn-mojyndap-kpti-tagaldyrdy/

pixel